Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

4-5 қыркүйек Қазақстан – Ақтөбе РТРК «Атажұрт» тарихи – танымдық хабарын түсіру телеэкспедициясы Әйтеке би ауданы бойынша жүргізілді.

Экспедиция  құрамында Ә.Мырзатайұлы,  Ж.Ізбағанбетова,  С.Калекенов  және  Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінің  директоры  Д.Ильясова,  өлкетанушы  А.Байниязов, саз  мектебі  мен  мәдениет  қызметкерлері қатысты.  Экспедицияның  бірінші  күні  Ақтасты  еліндегі  көріпкел,  әулие,  емші  Төлеген  Сатыбалды  атаның  тамына  барып,  ұрпағы  Қатшагүл  апайдан  сұхбат  алынды.  Одан  әрі  Толыбай  елді  мекені арқылы  «Хан  моласына»  барып, өлкетанушы  А.Байниязов  хан  моласы  қорымы  туралы  көрген – білгенін,  естіген  деректерін  айтып  таспаға  жазылып  алынды.  Өлкейік,  Қабырға  бейне  түсірілімдерін  байланыстыра  отырып,  табиғат  аясында  қазақтың  ұлттық  аспаптарымен  халық  әні  «Жеті арал»  орындалып,  бейнеклип  түсірілді. 

Экспедицияның  келесі  күні  Жабасақ  еліндегі  Алмат  Самыраттың  салдырған  мешіті  мен  Темірбек  Жүргенов  салдырған  «Қызыл  мектеп»  бойынша  телетүсірілім  жүргізілді.  Осы  туралы  сұхбат  ауыл  ақсақалдарынан  алынды. 

Экспедицияның  жалғасы  Комсомол  селосына  келіп  ауданның  қазіргі көрікті  келбеті,  экономикасы  мен  мәдениеті  туралы  сұхбаттар  алынып,  бейне таспаға түсірілді. Сонымен қатар аудандық  «Халықтар  достығы»  музейіне экскурсия жүргізіліп, музей экспозициясымен  таныстырылды.  Белгілі  ұста,  шеберлер  туралы  музей  директоры   Д.Ильясовадан  сұхбат  алынып,  киелі  орындар  мен  емші,  бақсы  балгерлер  туралы  мәліметтер  алу  үшін  кездесу  ұйымдастырылды.  Ақбақсы  атанып  кеткен  Төлеген  Сатыбалды  атадан  бата  алған  қарындасы  Жолманова  Сабира  апай  бақсылық  жолында  пайдаланып  жүрген  адамдарды  емдеудегі  он  екі  мүшенің  тасымен  таныстырып,  емдеу  қасеттерінің  жолдарын  әсерлеп  айтып  берді.