Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Бiз туралы

Әйтеке би ауданында 1989 жылы 16—шы желтоқсанда аудан тұрғындары, тың игеру ардагерлерінің, жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен қоғамдық музей болып ашылды. Сол кездері ауданда көп ұлтты өкілдердің тұруына байланысты музейге «Халықтар достығы» деген атау берілді.

2002 жылы аудан әкімі Е.Қ.Есенбаев музейге тұрақты мекен—жай берді. Облыс әкімі Е.Сағындықовтың №35 қаулысымен 2005 жылдың 15 ақпанында Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» мұражайы ММ болып құрылып, Әйтеке би атындағы Қарабұтақ ауылдық музейі аудан музейінің филиалы болып бекітілді.

2007 жылы Қарабұтақ ауылдық музейі өз алдына жеке мемлекеттік мекеме болып бөлініп шықты.

2014 жылдан бастап Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Музейдің мақсаты - өлке тарихын, табиғатын, экономикасын, археологиясын, архитектуралық ескерткіштерін, этнографиясын, тарихи деректер (ақын – жыраулар, ұсталар, бақсы – балгерлер т.б.), естеліктер мен ескерткіштерін іздестіру, тарихи маңызы бар құнды жәдігерлерді жинау, зерттеу оларды қорда сақтау.

Музейдің міндеті – музей қорындағы экспонаттар мен фото құжаттардан музей экспозициясын жасақтау, өлке тарихын, археологиясын, архитектуралық ескерткіштерін, этнографиясын халық назарына ұсыну оларды насихаттау. Қорды сақтау, қорғау шараларын (залалсыздандыру, кептіру, тазарту) жүргізу.

Музейдің бағыты – өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тарихын, дәстүрін насихаттай отырып, өлке тарихын көрсету.

Музей залдары 283,6 кв. шаршы метрді алып жатқан 5 залға орналасқан.

1 зал. Музейдің фойесі ауданның картасынан бастау алып, тың игеру ардагерлері және өзге ұлт өкілдерінің топтасуынан құрылған музей «Халықтар достығы» деп аталуына байланысты «Ынтымағы жарасқан ел» атты тақырыпта экспозиция жасақталған.

2 зал. Табиғат бөлімінде ауданның жер бедері, ауа - райы, емдік қасиеті бар шөптесін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жөнінде баяндалады.

3 зал. Этнография залында қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан ер—тұрмандар, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, қару – жарақтар, ағаш ыдыстар мен мал терісінен жасалған бұйымдар қойылған. Сонымен қатар кіші жүздің бас биі, артына аталы сөз қалдырған мемлекет басқару ісіне араласқан, «Жеті Жарғы» заңдар жинағын шығарушылардың бірі Байбекұлы Әйтеке бидің және көреген дипломат, көрнекті мемлекет қайраткері, Кіші жүз ханы, Әбілқайыр ханға арналған экспозиция орналасқан.

4 зал.Аудан тарихы бөлімінде Комсомол ауданының құрылуы, аудан өңірінде ел басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылы болған сапары туралы, фотоматериалдармен танысуға болады. Ең алғаш тыңға келген тыңгерлерден бастау алып, тыңгерлердің 1954 жылдары ұстап тұтынған заттары мен өзге ұлт өкілдерінің бұйымдары, фото құжаттары қойылған. Сонымен қатар Жәкібай мен Мәлік Әлмұратов, мемлекет қайракері Т.Жүргенов, ақын – жазушыларымыз Т.Ахтанов мен Қуандық Шаңғытбаев, Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының ардагерлері мен еңбек ерлері, қуғын – сүргін құрбандары туралы мұралар өлкемізді тануға негізделген.

5 зал Тәуелсіздік залы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, ірі тарихи маңызы бар оқиға – Ата заңының т.б. құжаттардың қабылдануы, Елбасының жолдаулары, сондай – ақ, ауданның құрметті азаматтары мен ауданның «Құрмет кітабы» музей экспозициясында орын алған.

Әйтеке би аудандық музейі КММ
Музей директоры: Байтохина Гульжан Абдигалиевна

Аудандық музей 1989 жылы 16-шы желтоқсанда аудан тұрғындары, тың игеру ардагерлерінің, жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен қоғамдық музей ашылды. Сол кездері ауданда көп ұлтты өкілдердің тұруына байланысты музей «Халықтар достығы» деп аталды. 2002 жылы аудан әкімі Е.Қ.Есенбаев музейге тұрақты мекен - жай берді.

Қазіргі таңда музей залдары 222,8 кв. шаршы метрді алып жатқан 5 залға орналасқан. Музей қорында 2894 — жәдігерлер мен фотоқұжаттар бар. Музей тұрақты мекен-жайға көшкеннен бастап музей директоры Шматова Гүлжаһан тағайындалған.

Музейдің кіре берісі /фойесі/ «Ынтымағы жарасқан ел» атты экспозициядан басталады. Бұл экспозицияда өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт – дәстүрлері, киім үлгілері туралы танысуға болады.

Табиғат бөлімі ауданның жер бедері, ауа—райы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жөнінде баяндайды.

Этнография залында киіз үй жабдықтары, ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан тұрмыстық құрал - жабдықтар, зергерлік бұйымдар және Кіші жүзді 30 жылдан астам билеген саясаткер, дипломат - мәмілегер Әбілқайыр хан /1693—1748/ жөнінде мәліметтер және Хан моласынан әкелінген самарқанның көк тасы , төл тарихымызға қатысы бар кемеңгер дана Әйтеке би туралы деректер және бюсті /мүсіні/ музей экспозициясында орын алған.

Мемлекет қайраткері Т.Жүргеновке бұрыш жабдықталды. Аудан тарихы бөлімінде Комсомол ауданының құрылуы, аудан өңірінде ел басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылы болған сапары туралы, фотоматериалдармен танысуға болады. Сонымен қатар ауданымызда ерен еңбектерін, ел мәдениетін, Ұлы Отан соғысы мен тың көтерген кезеңдердегі ерліктерді т.б. мұралар өлкемізді тануға негізделген.

Мұражай қызметі түрлі іс – шараларды ұйымдастырып, аудандық, облыстық, республикалық шараларға белсене араласып, музейаралық облыстық семинар – кеңес өткізіп, «Отты жылдар елесі» тақырыбындағы республикалық фото – байқауға қатысып, байқау барысында «Халықтар достығы» музейі ІІ орын иеленді.

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген 2015 жылдың қортындысы бойынша алқа жиынында Әйтеке би аудандық музейі «Үздік аудандық музей - 2015» сертификатымен марапатталды.

Ел арасындағы аңыз-әңгімелер, тарихи оқиғаларды жарыққа шығару мақсатында, тарихи киелі жерлерді насихаттау турасында музей ұжымы экспедициялар, тур-саяхаттар ұйымдастырып тұрады. Соның бір мысалы, 2019 жылы аудандық Ішкі саясат бөлімі мен Әйтеке би аудандық музейі бірлесіп,, Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы көмегімен әр тарихи мекенге экспедицияға шығып, бейнероликтер түсірілді.

Қазіргі таңда музей ұжымы халықтардың адамгершілік және мәдени-материалдық құндылықтарын жасау мен сақтау жөніңдегі жұмысқа жастарды тарту және патриоттық тәрбиеге бейімдеу барысында өз жұмысын жан-жақты жалғастырып келеді.

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың мәдениет және архив саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы 28.03.2018 ж. №150 қаулысы негізінде Қарабұтақ ауылдық музейі КММ мен Әйтеке би аудандық музейі КММ қайта ұйымдастырылып, қосылды. Сонымен қатар, аудандық музей атауы өзгертіліп, «Әйтеке би аудандық музейі» деп аталды.

Қазіргі таңда Әйтеке би аудандық музейінің 2 бөлімі бар. Бірі Толыбай ауылдық «Әбілқайыр хан» музейі мен екіншісі Қарабұтақ ауылдық музейі. Жалпы музей бойынша штат 23 адам.

Байланыстар

Мекен-жайымыз: Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылы, Жүргенов №81

Телефон/факс: 8(71339) 21 7 78

Сайт: http://aitekebi-muzei.kz

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.