Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Құрылым

Музейде  10  қызметкер  бар, олар директор, қор  сақтаушы, экскурсия  жүргізуші, бас  есепші және  шаруашылық  қызметкерлер. Қазіргі таңдағы мекеме директоры Ильясова  Дурия.  Осы  уақыт  ішінде  өзін  жұмыс  барысында  жауапкершілігі  мол,  ұйымдастырылушылық  қабілеті  жақсы,  талапшыл,  іскер  ретінде  көрсете  білді.  Музей  саласында  атқарылатын  жұмыстарды  жан – жақты  дайындықпен  ұйымдастырып  талапқа  сай  орындалуына  аса  мән  беріп  отырады.


Байтохина  Гульжан  Абдигалиевна  -  Әйтеке би  аудандық «Халықтар  достығы»  музей  КММ  директоры.

Алғы  сөз

Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.

Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты.

Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру  болатын.

Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспеттес. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.

ХХІ ғасырда музей саласын дамыту тек республика ішінде ғана емес, халықаралық музейлермен байланыс орнату, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, музей қорын насихаттау, ақпараттық ресурстарды  құру және сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді.

Музей саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, музей қорларын сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі. Біз серіктестікке және ынтымақтастыққа, достар мен одақтастар шеңберінің кеңеюіне үміттенеміз.


Нұржанова  Жанара  Калкамановна -  қор  сақтаушы.

Ж.Нұржанова  2005  жылдан  бастап  Музей  қор  сақтаушысы  болып  қызмет  атқарып  келеді.


Калибекова  Анар  Жангелдиевна -  экскурсовод. 

А.Калибекова  2008  жылдан  бастап  музей  экскурсоводы  болып  қызмет  етіп  келеді.