(1905,қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы №11а.-1969, сол.ауд. Калинин атынд. ұжымш.) – ауылшаруашылығы өндірісінің білікті басшысы, партия қызметкері. Социалистік Еңбек Ері (1948). Кезінде байға жалданған. 1927- 1936 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Мақаншы ауданында басшы комсомол, 1937-1945 жылдары басшы шаруашылық және партия жұмыстарында болды. 1945-1952 жылдары Ырғыз аудандық парткомының бірінші хатшысы. Мал шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлді. Ол басқарған жылдары ауданда мал өсіру жоспары үнемі асыра орындалды. 1963 жылы Алматы облысы Калинин атындағы ұжымшардың төрағасы болып сайланды.1948-1951 жылдары Ырғыз ауданынан 23 адам мал шаруашылығын өркендетіп, өнімін арттырудағы, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудағы ерен еңбектері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Бұл республика тарихындағы бірден –бір ерекше жетістік еді. Н.Бердіқұлов ауданды басқарған жылдары барлық елді мекендерде жаңа мектептер салдырды. Ауданға болашақ кадрлар дайындау мақсатында Алматы қаласында оқитын Ырғыздық студенттерге аудан қызметкерлерінің бір айлық еңбекақыларын аударттырып жәрдем жасады. Ырғыз тарихына Н.Бердіқұлов есімі қажырлы да іскер басшы, халыққа шынайы жанашыр азамат ретінде жазылды. Екі рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Добро пожаловать
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Quis ipsum suspendisse ultrices gravida. Risus commodo viverra maecenas accumsan lacus vel facilisis.